Қоғам

Алматы-Санкт-Петербург чартерлік рейсі жүзеге асырылады

© Photo : PixabayВид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото
Вид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
ЕАЭО-ға мүше ел азаматтары мобильдік қосымша арқылы коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР анықтама көрсетуге тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек — Sputnik. Air Astana Қазақстаннан Ресейге Алматы-Санкт-Петербург және кері бағыттағы арнайы чартерлік рейсін жүзеге асырады. Рейстер 12, 18 және 25 қыркүйекке жоспарланған, деді әуе компанияда.

Чартерді кім қолдана алады

  • Ресейде оқитынын растайтын құжаты бар студенттер;
  • Қазақстан мен Ресей азаматтары немесе РФ үкіметінің 2020 жылдың 16 наурызындағы қаулысына сәйкес, Қазақстанда немесе Ресейде тұру ықтиярхаты барлар;
  • Ресей жүйелі әуе байланысын орнатқан мемлекет азаматтары (жеке басын куәландыратын құжат, виза ұсынған жағдайда).

Ресейге кіру ережесі

ЕАЭО-ға мүше ел азаматтары "Путешествую без COVID-19" мобильдік қосымшасы арқылы коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР анықтама көрсетуге тиіс.

Жаңалықтар
0