Өңірлер

Ақтөбеліктер іргедегі жарылғыш заттар қоймасын көшіруді талап етті

© Александр Кряжев / Медиабанкке өтуВзрывчатка. Архивное фото
Взрывчатка. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Халықтың қауіптенетін де жөні бар. Ауылдан 200 метрдей жерде жарылғыш заттар сақтайтын қойма орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбенің іргесіндегі Ақжар-2 ауылының тұрғындары Арыс пен Тараз оқиғасы қайталана ма деп қауіптенеді. Өйткені олардың ауылдары да жарылғыш заттар қоймасына жақын орналасқан. Ол ауылдан небары 200 метрдей жерде тұр, деп хабарлайды "Астана" арнасы

"Арыста, Таразда болған оқиға ертең тағы қайталанып жүрсе, санымызды соғып қаламыз. Бала-шаға бар. Мына жерде мың жарым орындық мектеп бар. Соның бәріне қауіп төніп тұр", - дейді Жәрдем Қазтуғанов. 

Ақжар-2-дегі қойма «Қазөндірісгеофизика» мекемесіне тиесілі болып шықты. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбедегі өкілдері  қоймадағы жарылғыш заттар тек өндірістік мақсатта, пайдаланылатынын айтты.

Олар мұнай өндіру кезінде ұңғымаларды бұрғылауға қолданылады. Ал қойманың орналасқан жері қауіпсіздік ережелеріне сай, қашықтық нормасы сақталған. Жылына бір рет тексеріледі дейді мамандар.

"Бұл аудан жаңадан салынып жатқанда, екі мыңыншы жылдардың басында ол жерде үй тұрғызуға болмайды деп тиісті органдарға хат жаздық. Соған қарамастан, елді-мекен бой көтерді. Ол жерде бұрын үш қойма болған. «Запказвзрывпром», «ҚазЦКубнитрохим» және «Қазөндірісгеофизика» мекемесі қоймасынан қазір тек соңғысы қалды", - дейді төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті директорының орынбасары Самат Тәждәулетов.  

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары қойманы көшіру жөнінде «Қазөндірісгеофизика» мекемесі басшылығына хат жазған. Мәселе әзірге басы ашық күйде тұр.

 

Жаңалықтар
0