Білім

Білім басқармалары басшыларының ұялы телефон нөмірі жарияланды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Енді оқушылардың ата-анасы өзін мазалаған мәселе бойынша тікелей білім басқармасы басшылығына хабарласа алады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім басқармаларының басшыларына азаматтардың өтініші, шағымы мен ұсынысына жедел ден қоюды тапсырды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғындар жауапты тұлғаларға тікелей хабарласуы үшін білім басқармасы басшылары мен орынбасарларының ұялы телефон нөмірі жарияланды. Министр бұл қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақытылы алу және кері байланыс орнатуға сеп болатынына сенім білдірді.

Айта кетері, білім басқармалары 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қала әкімдіктеріне қарайды. Олар оқу процесін ұйымдастыруға байланысты мәселелермен айналысады.

Жаңалықтар
0