Оқиға

Түркістанда мас жүргізуші полицейлерді әуреге салды – видео

© Sputnik / Владислав Водневмас жүргізуші, иллюстрациялық фото
мас жүргізуші, иллюстрациялық фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Көлік жүргізушісі бірнеше рет полиция қоршауында қалса да, шебер маневр жасап, басқа жолмен сытылып кетіп отырған

АЛМАТЫ, 6 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысының тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, инспекторлардың талабын орындамаған мас азаматты тоқтату үшін біраз күш жұмсады.

Оқиға 5 қыркүйекте Түркістан көшелерінің бірінде кешке болды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сағат 19:00 шамасында Саттар Ерубаев көшесі бойында жүк көтергіш автокөліктің жол ережесін бұзып келе жатқаны және жүргізушісінің мас күйде болуы мүмкін екені туралы хабарлама түскен. Полиция бұл көлікті тез анықтады, алайда дереу тоқтата алмады.

Оқиға куәгерлері жол-патрульдік полицияның бірнеше автокөлігінің айналып жүргеніне қарамастан, автокөлік иесінің жол ережелерін бұзуды доғармаған сәтін видеоға түсіріп алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Видеодан көлік жүргізушісі бірнеше рет полиция қоршауында қалса да, шебер маневр жасап, басқа жолмен сытылып кетіп отырғаны көрінеді. Көлік жол жиегіне тұрып қалған кезде ғана полиция жүргізушіні көліктен күштеп шығарды.

Көлікті жергілікті тұрғын басқарғаны анықталды.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бес бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды: 595-бабы "маневр жасау ережелерін бұзу", 606-бабы "авариялық жағдай туғызу", 599-бабы "бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өту", 613-бабы "билік өкілінің заңды талаптарына бағынбау" және 608-бабы "мас күйінде автокөлік басқару".

Енді ол жол ережесін өрескел бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылып, ірі көлемде айыппұл арқалауы мүмкін. Тіпті 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Оқи отырыңыз: "Түрмеге қамаласыңдар!": ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Жаңалықтар
0