Қоғам

Қазақстан Түркияға ұшатын әуе рейстері санын арттырады

© AFP 2024 / HECTOR RETAMALАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Түркияға әуе рейстері санын одан әрі арттыру эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. 17 қыркүйектен бастап Қазақстаннан Түркияға ұшатын әуе рейстерінің саны артады.

Екі ел арасында әуе рейстері санын ұлғайту мәселесі Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қаралды.

"Осылайша, қыркүйектің ортасынан бастап Air Astana және Turkish Airlines әуе компаниялары (Air Astana –  17 қыркүйектен, Turkish Airlines –  25 қыркүйектен) Алматы – Ыстанбұл бағытындағы рейстер санын екіден үш рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр", - деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Сондай-ақ, 22 қыркүйектен бастап SCAT әуе компаниясы Ақтөбе-Ыстанбұл бағытында аптасына 2 рейспен ұша бастайды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан – Лондон арасындағы тікелей рейс қайта жанданады

Министрлік Түркиямен арадағы рейстер санын әрі қарай арттыру эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның және Түркияның мемлекеттік органдарының шешіміне байланысты болатынын атап өтті.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Жаңалықтар
0