НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Ресейде Волгоград-Махачкала бағытымен жолға шыққан "Корвет-750-А" жеке катерінде 7 адам болған, үшеуі бала.
Олар туыстарымен 3 қыркүйек күні хабарласқан. Волго-Каспий теңіз кеме өтетін арнаның 135-шақырымынан соң байланыс үзілді, деп хабарлайды РИА Новости.
Шекарашылар катерді Дағыстанда тапты.
"6 қыркүйек Мәскеу сағаты бойынша таңғы 7.00-де Дағыстан республикасының шекара басқармасының қызметкерлері "Корвет-750А" катерін тапты. Жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады", - деді Астрахань төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.