Өңірлер

Ақтөбеде белгісіз біреу тағы бір мектепке "бомба қойды"

© Photo : Pixabay / councilcleРука на клавиатуре компьютера, иллюстративное фото
Рука на клавиатуре компьютера, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Барлық шұғыл қызмет мен саперлер тобы дереу оқиға орнында тексеріс жүргізді. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ

АЛМАТЫ, 6 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде тағы бір мектепке бомба қойылғаны туралы хабар тарады. Бұл жолы хат Ақтөбе облысы полиция департаментінің құжатпен қамтасыз ету бөлімінің электронды поштасына келген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Түргенев көшесі №75 үй мекенжайында орналасқан ҚазГЗУ мектеп-гимназиясының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

"Барлық шұғыл қызмет мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шығып, ғимаратты жарылғыш құрылғылардың бар-жоғына тексеру ұйымдастырылды. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Полиция департаменті анонимді хабарламаның авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Айта кетері, бұған дейін 1 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы №2 мектеп поштасына алты мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келген.

Соған байланысты қаланың әртүрлі ауданындағы алты мектепте бірінші қыркүйекте 1-сынып оқушыларына арналған салтанатты шара өтпеді. Адамдарды қауіпсіз жерге жеткізіп, полиция мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері шақырылды.

2 қыркүйекте сағат 07:20 шамасында Ақтөбе қаласындағы №1, 2, 21, 22 және 56 орта мектептің электронды поштасына олардың ғимаратында бомба қойылғаны туралы хабарлама келген. Бұл жолы ғимаратта оқушылар болмаған. Жарылғыш зат табылмады.

Жаңалықтар
0