Әлем

Актер Жан-Поль Бельмондо дүниеден озды

© Sputnik / Игорь Руссак / Медиабанкке өтуЖан-Поль Бельмондо
Жан-Поль Бельмондо - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Белгілі француз актері көрермендердің есінде "На последнем дыхании", "Профессионал" фильмдеріндегі рөлдерімен қалды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Актер Жан-Поль Бельмондо 88 жасында өмірден озды. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі оның адвокатына сілтеме жасап хабарлады.

Бельмондо 1933 жылы Францияда Париж мүсіншісі Поль Бельмондоның отбасында дүниеге келген. Алғаш рет 1957 жылы "Мольер" фильміне түсті, бірақ ол қатысқан эпизодтар фильм шығар алдында алынып тасталды.

Әртіс "Профессионал", "На последнем дыхании" және басқа да фильмдердегі рөлдерімен танымал болды.  

Ол театрда да өнер көрсетті.  

1989 жылы актер "Баловень судьбы" фильміндегі рөлі үшін "Сезар" сыйлығын иеленді. 2011 жылы Канн кинофестивалінде "Алтын пальма бұтағын" алды, ал 2016 жылы әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін "Алтын арыстан" сыйлығымен марапатталды.

2001 жылы инсульт алғаннан кейін Бельмондо актерлік қызметін тоқтатты, бірақ 2008 жылы түсірілім алаңына қайта оралып, Франсис Юстердің "Адам және оның иті" фильмінде ойнады, деп жазды РИА Новости. 2015 жылы ол кинодағы карьерасын аяқтағанын жариялады.

Жаңалықтар
0