"Абайдың қара сөздері" кино жобасының түсірілімі басталды

© Photo : Телерадиокомплекс президента КазахстанаВ Алматинской области стартовали съемки художественного кинопроекта "Слова назидания Абая"
В Алматинской области стартовали съемки художественного кинопроекта Слова назидания Абая - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Телевизиялық жоба он бес сериясының әрқайсысында толыққанды сюжет болады. Түсірілім 2021 жылдың 25 қазанына дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек — Sputnik. Алматы облысында 6 қыркүйекте "Абайдың қара сөздері" кино жобасының түсірілімі басталды.

Жоба 15 сериядан тұрады. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының" қолдауымен Қазақстан президентінің телерадио кешені жүзеге асырады.

Түсірілім 2021 жылдың 25 қазанына дейін жалғасады.

"Абайдың қара сөздеріне деген заманауи көзқарас пен режиссер шешімі ұлы ойшылдың еңбегіне жаңаша қарауға жол ашады", - деп жазылған президентінің телерадио кешені ақпаратында.

Телевизиялық жоба он бес сериясының әрқайсысында толыққанды сюжет болады. Бас кейіпкерлер рөлін қазақ кинематографының белгілі актерлері - Нұрлан Әлімжанов, Жан Байжанбаев, Ерік Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Аян Өтепберген сомдайды.

Жаңалықтар
0