Өңірлер

Павлодарлық жігіт газ бен тежегішті шатастырып алды

© Photo : pixabay.comМужчина в салоне автомобиля, иллюстративное фото
Мужчина в салоне автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2021
Жазылу
Жас жігіт Jaguar s-Type көлігімен Лермонтов көшесімен келе жатып, 119-шы үйге қарама-қарсы қауіпсіз қашықтықты сақтамай, Toyota Camry-ге соғылған

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда газ бен тежегішті шатастырып алған жігіттің кесірінен бірнеше көлік соқтығысқан.

19 жастағы жүргізушіге 58 мың теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

2021 жылдың 16 тамызында сағат 15:45 шамасында облыс орталығында болған жол апатынан төрт көлікке зақым келді.

Бірнеше метрге ұшып кетті: Алматыда жаяу жүргіншілер жолында әйелді көлік қақты 

Жас жігіт Jaguar s-Type көлігімен Лермонтов көшесімен келе жатып, 119-шы үйге қарама-қарсы қауіпсіз қашықтықты сақтамай, Toyota Camry-ге соғылған.

Соққыдан седан Audi B4-ке, ал ол Acura MDX кроссоверімен соқтығысқан.

Жол апаты бойынша қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты істі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сот қарады.

"Құқық бұзушы кінәсін толық мойындады, жасаған ісіне өкініп, газ және тежегіш педальдарын шатастырып алғанын түсіндірді, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. – Жас жігіт кінәлі деп танылып, оған мемлекет кірісіне 58 340 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды".

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0