Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Ауғанстаннан қашқан жұлдыздар мен танымал тұлғалар – фото

Жазылу
Биліктің ауысуына байланысты Ауғанстаннан кеткен дарынды адамдар, өз Отанынан бас сауғалап, басқа елге аттанған жұлдыздар мен олардың жаңа тұрағы туралы Sputnik материалынан көріңіз

15 тамызда Ауғанстанда үкімет ауысты – Талибан* содырлары Кабулдағы президент сарайын басып алды.

Өз резиденциясы мен мемлекетінен кетіп қалған ел президенті Ашраф Гани басқыншылардың жеңісін мойындады.

16 тамызға қараған түні тәлібтер Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын, мемлекетті басқару түрі жақын уақытта белгілі болатынын жариялады.

Тәлібтердің жақын келгенін естіген Кабул тұрғындары әуежайға лап қойып, елден тез арада кетуге асықты. Желіде ауған астанасының әуежайында туындаған дүрбелеңнің видеосы тарады.

Ауғанстанның жұлдыздары мен танымал тұлғалары тәлібтер репрессиясынан сескеніп, қарапайым халықпен бірге соғыс жайлаған өңірден кетуге мәжбүр болды. Бұл танымал тұлғалардың қазір қайда тұрақтағаны туралы суреттер топтамасынан көріңіз.

Талибан – Қазақстанда, Ресейде тыйым салынған террористік ұйым.

© REUTERS / Mexico's Foreign Relations MinistryТәлібтер Кабулды басып алғаннан кейін Ауғанстанның тек қана қыздардан тұратын робот техникасы бойынша командасы шетелден пана сұрады. Суретте: Мексиканың сыртқы істер министрі робот техникасы бойынша ауған командасын Мексикада қарсы алып тұр, 2021 жыл 24 тамыз
Глава МИД Мексики приветствует афганскую команду по роботехнике в Мексике  - Sputnik Қазақстан
1/8
Тәлібтер Кабулды басып алғаннан кейін Ауғанстанның тек қана қыздардан тұратын робот техникасы бойынша командасы шетелден пана сұрады. Суретте: Мексиканың сыртқы істер министрі робот техникасы бойынша ауған командасын Мексикада қарсы алып тұр, 2021 жыл 24 тамыз
© AFP 2024 / Pedro PardoАуғанстанның робот техникасы бойынша қыздар командасы "Ауған арманшылдары" деп аталады. Олар өз туған жерінде және шетелде ерекше өнертабыстарды ойлап тапқаннан кейін танымал бола бастады. Мысалы, олар жарамсыз болып қалған ескі Toyota Corolla көлігінің бөлшектерінен коронавирус жұқтырған науқастар үшін өкпені жасанды тыныс алдыртуға арналған шағын әрі арзан аппарат құрастырды. Суретте: робот техникасы бойынша ауған командасының мүшесі Мексика әуежайында, 2021 жыл 24 тамыз
Девушка из афганской команды по роботехнике в Мексике  - Sputnik Қазақстан
2/8
Ауғанстанның робот техникасы бойынша қыздар командасы "Ауған арманшылдары" деп аталады. Олар өз туған жерінде және шетелде ерекше өнертабыстарды ойлап тапқаннан кейін танымал бола бастады. Мысалы, олар жарамсыз болып қалған ескі Toyota Corolla көлігінің бөлшектерінен коронавирус жұқтырған науқастар үшін өкпені жасанды тыныс алдыртуға арналған шағын әрі арзан аппарат құрастырды. Суретте: робот техникасы бойынша ауған командасының мүшесі Мексика әуежайында, 2021 жыл 24 тамыз
© REUTERS / @aryanasayeedofficialАуғанстанның басты поп-жұлдызы Ариана Саид тәлібтер келгеннен кейін елден кетіп қалды. БАҚ ақпараты бойынша ол Түркияға тұрақтаған. Суретте: ауған әншісі Ариана Саид Кабулдан эвакуациялау кезінде ұшақ ішінде отыр
Афганская певица Aryana Sayeed в самолете во время эвакуации из Кабула  - Sputnik Қазақстан
3/8
Ауғанстанның басты поп-жұлдызы Ариана Саид тәлібтер келгеннен кейін елден кетіп қалды. БАҚ ақпараты бойынша ол Түркияға тұрақтаған. Суретте: ауған әншісі Ариана Саид Кабулдан эвакуациялау кезінде ұшақ ішінде отыр
© REUTERS / Sherzaad EntertainmentАриана Саид – әнші, тележүргізуші және "Дауыс" шоуының ауған нұсқасында төреші болған. Парсы және пушту тілдерінде ән айтады. Ол Ауғанстандағы ең танымал әншінің бірі. Ариана Ауғанстан армиясына ашық қолдау көрсетіп, үкіметті қолдап келді
Афганская певица Aryana Sayeed  - Sputnik Қазақстан
4/8
Ариана Саид – әнші, тележүргізуші және "Дауыс" шоуының ауған нұсқасында төреші болған. Парсы және пушту тілдерінде ән айтады. Ол Ауғанстандағы ең танымал әншінің бірі. Ариана Ауғанстан армиясына ашық қолдау көрсетіп, үкіметті қолдап келді
© REUTERS / Mariscal/PoolБилікке тәлібтер келгеннен кейін, яғни 16 тамызда Ауғанстанның құрамасы 24 тамызда Токиода басталатын Паралимпиада ойындарына қатыспайтыны белгілі болды. Суретте: Нилофар Баят – Ауғанстанның баскетболдан әйелдер құрамасының капитаны, 2021 жыл 22 тамыз
Капитан женской сборной по баскетболу на колясках Nilofar Bayat в Испании  - Sputnik Қазақстан
5/8
Билікке тәлібтер келгеннен кейін, яғни 16 тамызда Ауғанстанның құрамасы 24 тамызда Токиода басталатын Паралимпиада ойындарына қатыспайтыны белгілі болды. Суретте: Нилофар Баят – Ауғанстанның баскетболдан әйелдер құрамасының капитаны, 2021 жыл 22 тамыз
© REUTERS / Vincent WestНилофар Баят Испанияда пана тапты және енді Бильбао клубының атынан жарысқа қатысады
Капитан женской сборной по баскетболу на колясках Nilofar Bayat в Испании  - Sputnik Қазақстан
6/8
Нилофар Баят Испанияда пана тапты және енді Бильбао клубының атынан жарысқа қатысады
© AFP 2024 / Daniel Leal-OlivasСуретте: Халида Попал – Ауғанстанның футболдан әйелдер құрамасының бұрынғы капитаны. Ол радикалды қозғалыстың билікті тартып алуына қатысты өткір пікір білдірген. Халида Попал 2007 жылы Ауғанстанның футболдан алғашқы әйелдер құрамасын құрды, ол қазір де құрама жетекшілерінің бірі ретінде қалып отыр. Попал Үндістан, Норвегия мен Данияға бармақ болғанмен, қазір Лондонда тұрақтады
Бывший член женской футбольной команды Афганистана Khalida Popal в Лондоне  - Sputnik Қазақстан
7/8
Суретте: Халида Попал – Ауғанстанның футболдан әйелдер құрамасының бұрынғы капитаны. Ол радикалды қозғалыстың билікті тартып алуына қатысты өткір пікір білдірген. Халида Попал 2007 жылы Ауғанстанның футболдан алғашқы әйелдер құрамасын құрды, ол қазір де құрама жетекшілерінің бірі ретінде қалып отыр. Попал Үндістан, Норвегия мен Данияға бармақ болғанмен, қазір Лондонда тұрақтады
© REUTERS / STRINGERТәлібтер эвакуацияланған мыңдаған ауғанға Кабулдан кетуге рұқсат бермеді. Суретте: адамдар Кабул әуежайында С-17 ұшағына мініп, елден кетуге үмітін үзбей отыр
Толпа афганских беженцев у ограды аэропорта Кабула - Sputnik Қазақстан
8/8
Тәлібтер эвакуацияланған мыңдаған ауғанға Кабулдан кетуге рұқсат бермеді. Суретте: адамдар Кабул әуежайында С-17 ұшағына мініп, елден кетуге үмітін үзбей отыр
Жаңалықтар
0