Қоғам

Құрылысшы болып кіріп, құл болып шықты: Түркістанда ер адамға күштеп мал баққызған

© Photo : Рixabay/Beatrice Schmukiтор
тор - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2021
Жазылу
Ауыр әрі тегін жұмысқа шыдамаған Сергей Манько қашпаққа бел буады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысы жайылымдарының бірінде ер адам үш ай бойы тегін жұмыс істеуге мәжбүр болған.

Ол жерге оны алдап апарып, құжаттарын тартып алған, деп хабарлады  Бірінші арна "Еуразия"

Сергей Манько бұған дейін салт-жоралғылар бюросында жұмыс істеген. Біраз уақыт қара жұмысшы болды. Сол кезде клиенттерінің бірі 70 мыңға құрылыста жұмыс істеуге шақырған.

Ер адам жұмыс берушіге келгенде ол құжаттарын алып қалып, оны мал бағуға жіберген.

"Ол мені мәжбүрледі. Малды бақ деді. Жайылымда бір отар қойды жаяу, атсыз бақтым. Абырой болғанда бұрын спортпен шұғылданған едім, әйтпегенде аяқтарым шыдамайтын еді. Ол мені тегін жұмысқа жегіп, құл етті. Үнемі осында боласың, тегін жұмыс істейсің деп айтты", - дейді ол.

Ауыр әрі тегін жұмысқа шыдамаған Сергей Манько қашпаққа бел буады. Қашу туралы жоспарды ойластырып, таң бозынан ел ұйқыда жатқанда жайылымнан тайып тұрды.

Осылайша Шымкентке жетіп, қоғамдық ұйымдардың біріне көмекке жүгінген.

Оған полицияға арыз жазуға және заңгер жалдауға көмек көрсетілетін болды.

Жаңалықтар
0