НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек — Sputnik. "Оңтүстік", "Шығыс", "Астана" өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдеріне 700-ден астам әскери міндетті шақырылды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Бір ай ішінде шақырылған әскери міндеттілердің әрқайсысы өзінің әскери мамандығы және жалпы әскери пәндер бойынша теориялық және практикалық сабақтар курсын меңгеруі тиіс. Мұнда практикалық даярлыққа
басты назар аударылады.
"Менің мерзімді қызметімді өткергеніме 15 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде әскери техника өзгеріп, жаңартылды, жағдай айтарлықтай жақсарды. Мен тағы да әскери ортаға келгеніме қуаныштымын. Бұл қалыптасқан дағдыларды нықтап, жаңа әдістерді үйренуге жақсы мүмкіндік", – деді жиынға қатысушы запастағы аға сержант Талғат Мұсалиманов.
Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы полковник Сәкен Жүсіпов әскери жиындардың негізгі мақсаты - әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын арттыру екенін атап өтті.
Әскери міндеттілердің жиыны санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтай отырып жүргізілді. Қатысушылар жиналатын барлық орындарға санитарлық бекеттер қойылды. Вирустық инфекциядан
қорғанудың жолы ПТР-тексеруден өту болды.
Жұмыс істейтін азаматтарға жиын кезінде алатын жалақы үшін өтемақы төленеді. Әскери жиынға шақырылған барлық әскери міндеттілер бөлімдердің полигондарындағы шатырлы қалашықтарға болады.
Жиынға қатысушылар қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен тамақпен және заттай мүлікпен қамтылады.
Жиын қорытындысы бойынша сынақтар өткізіліп, оның нәтижелері бойынша бағдарламаны сәтті меңгерген әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беріледі.
Әскери міндеттілердің жұмыс орны, атқаратын лауазымы сақталады, оларға республикалық бюджеттен орташа айлық жалақы төленеді.