Әлем

Ресейде бойжеткенді 9 күн бойы зорлаған күдікті ұсталды – оқиғаның мән-жайы

© AP Photo / Marcelo RuizСилуэт женщины, архивное фото
Силуэт женщины, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2021
Жазылу
Ол бейтаныс жігітпен сайт арқылы танысып, кездесуге барған. Бұдан соң бойжеткенмен байланыс жоғалды

АЛМАТЫ, 4 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің Нижний Новгород қаласында ер адам 23 жастағы бойжеткенді 9 күн бойы жертөледе қамап, зорлаған. Күдікті сенбіге қараған түні ұсталды.

Бойжеткен 24 тамыз күні жоғалып кеткен. Тергеу мәліметіне сәйкес, 39 жастағы ер адам жәбірленушімен сайт арқылы танысқан. Кездесуден кейін бойжеткен ер адаммен бірге кетті. Бұдан соң жәбірленушімен байланыс үзілді.

Бастапқыда адам өлтіру фактісі бойынша іс қозғалған. Кейін бойжеткен гараждың жертөлесінде табылды, деп хабарлады РИА Новости.

Ол тоғыз күн бойы сол жерде кісенмен байлаулы отырған. Ер адам пышақпен қорқытып, күн сайын зорлағаны белгілі болды.

Жәбірленуші құтқарылған соң полицейлер күдіктіні тапты. Ол екі тәулік бойы жасырынған. Жұмадан сенбіге қараған түні қолға түсті.

Жаңалықтар
0