Саясат

Тоқаев Қазақстан неліктен ауған босқындарын қабылдамағанын түсіндірді

© REUTERS / SAEED ALI ACHAKZAIАфганские беженцы на границе
Афганские беженцы на границе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Қазақстан президенті сонымен қатар "Талибан" қозғалысын мойындауға қатысты пікірін білдіре отырып, бұл "нәзік мәселе" екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ауған босқындарын уақытша орналастыру мәселесі бойынша оң шешім қабылданбағанын хабарлады.

"Америка әкімшілігімен жұмыс істеген ауған босқындарын белгісіз уақытқа – не екі, не үш, не алты айға паналату жайында айтатын болсақ, біз бұл мәселені оң шешкен жоқпыз, себебі онда Қазақстанның егемендігіне қатысты өте көп мәселе бар", - деді Тоқаев Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде.

Қазақстанға келуге тиіс адамдардың кіру визалары болмады, сондай-ақ логистиканың өзі бұл мәселені оң шешуге мүмкіндік бермеді, деп толықтырды президент.

"Біз Ауғанстанда жұмыс істеген контингентті, соның ішінде әскери контингентті алып кететін НАТО мемлекеттері мен АҚШ ұшақтарына ұшып өтуге және жанармай құю үшін Қазақстанның әуе кеңістігі мен әуежайларын пайдалануға бердік", - деді Тоқаев.  

Форумда сонымен қатар Талибан* қозғалысын мойындау/мойындамау мәселесі де талқыланып жатыр.

"Мәселе нәзік, ол сақтықты қажет етеді. Мен бүгін Талибан қозғалысының іс-әрекетін мұқият бақылайтынымызды бірнеше рет айттым, бәрі осыған байланысты", - деді Тоқаев.

"Қолында қымбат қару бар": Тоқаев Ауғанстаннан келер қауіп жайлы айтты 

Еске сала кетейік, "Талибан" тамыздың ортасында Ауғанстан астанасын басып алды, 16 тамызда тәлібтер елдегі соғыс аяқталғанын мәлімдеді. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскерилері Ауғанстаннан толығымен шығып кетті.

Талибан * - Қазақстанда және басқа да бірқатар елде тыйым салынған экстремистік ұйым.

Жаңалықтар
0