Қоғам

Шетелдік студенттерге Қазақстанға кіруге рұқсат берілді

© Photo : Maria_DomninaСтуденческий билет, иллюстративное фото
Студенческий билет, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Студенттерде вакциналау паспорты немесе COVID-19 індетіне қарсы теріс ПТР-тест болуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Шетелдік студенттер Қазақстандағы оқуына оралады. Әңгіме 6 елге қатысты болып отыр.

Қазақстан бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында шетелдіктерде қандай құжаттар болуға тиіс екені айтылған:

  • Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы мен Молдова Республикасының уәкілетті органы берген төлқұжатпен / сертификатпен/вакциналау сертификатымен расталған COVID-19-ға қарсы вакциналау паспорты;
  • ПТР әдісі бойынша COVID-19-ға қарсы тестің теріс нәтижесі, оның мерзімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өту кезінде 3 күннен аспаған болуы керек.

Қаулы 2021 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 00:00 -ден бастап күшіне енеді.  

Жаңалықтар
0