Өңірлер

Алматыда ертеңнен бастап карантин жеңілдетіледі

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы көшесіндегі адамдар
Алматы көшесіндегі адамдар  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
"Қызыл" аймақта орналасқан мегаполисте 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері Ashyq жобасына қатысушы нысандар 00.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары 02.00-ге дейін жұмыс істей алады

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Алматыда карантин талаптарын жеңілдетуге бағытталған санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты.

Құжатқа сәйкес, 6 қыркүйектен бастап Ashyq жобасына қатысушалардың жұмыс күндері қызмет көрсету уақыты 22.00-ден 00.00-ге дейін ұзартылды. Ashyq көшбасшыларына түнгі сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

4 қыркүйектен бастап демалыс күндері Ashyq жобасына қатысушы нысандар 00.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары 02.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы "жасыл" болуға тиіс. Бұл талап қонақүй, әуежай, вокзал, білім беру нысандары және т.б. мекемелерге қойылған. Талаптарды орындамаған нысандар Ashyq жобасынан шеттетіледі.

Қаулының толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда "қызыл" статусы бар 800-ден астам тұрғын айыппұл арқалады

 

Жаңалықтар
0