Өңірлер

Синоптиктер жұмаға арналған ауа райы болжамын бөлісті

© Sputnik / Владислав ВодневЛето 2021 в Нур-Султане
Лето 2021 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығысында, батысында бұршақ жауып, орталықта тұман түседі

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Жұма, 3 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, тек батыста күндіз қатты жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет.

Елдің батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығысында, батысында бұршақ жауып, орталықта тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел күшейіп, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысы және орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді. Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл болады, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ге дейін күшейеді.

Алматы облысының орталығы мен таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Найзағай кезінде жел 15-20 м/с-ге дейін күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында, Қостанай облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман болады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Маңғыстау облысында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, Алматы облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтар
0