Қоғам

Қазақстанда қалалар бірыңғай стандартпен салынады

© Photo : Александр КуприенкоСтроительство льготного жилья в Нур-Султане
Строительство льготного жилья в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Оған қоса барлық деңгейдегі қала құрылысы сараптамасының бірыңғай институтын енгізу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда қалалардың келбетін қалыптастырудың бірыңғай стандарты енгізіледі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Министрлік халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау үшін Аумақтарды кешенді дамытудың жаңа стандарттарын әзірлейді", - деді  Атамқұлов үкімет отырысында.

Ол стандарттарға мыналар кіреді:

  • қала аумағын кешенді дамыту принциптері;
  • қала аумағын дамыту стандарты;
  • бос аумақтарды игеру стандарты;
  • қалалардың келбетін қалыптастыру стандарты.

Оған қоса барлық деңгейдегі қала құрылысы сараптамасының бірыңғай институтын енгізу жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0