Оқиға

Нұр-Сұлтанның қақ ортасында микроавтобус өртеніп кетті – видео

© Sputnik / СтрингерМикроавтобус сгорел посреди улицы в Нур-Султане
Микроавтобус сгорел посреди улицы в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Төтенше оқиға "Азия Парк" ойын-сауық және сауда орталығының дәл жанында болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Елордада орталық көшелердің бірінде микроавтобус отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 10:40-де өрт сөндіру қызметіне Қабанбай батыр даңғылында ГАЗель жанып жатқаны туралы хабар түскен. Төтенше оқиға "Азия Парк" ойын-сауық және сауда орталығының дәл жанында болған. Оқиға орнына 12 өрт сөндіруші мен екі техника барған. Сағат 10:49-да тілсіз жау ауыздықталды.  

Өрт сөндірушілер Volkswagen маркалы микроавтобустың жанғанын анықтады.

Видеодан көліктің толығымен жанып кеткенін байқауға болады. Полиция жолдың екі жағын жауып тастаған.

Жаңалықтар
0