Білім

Сағынтаев мектеп құрылысын жандандыруды тапсырды

© REUTERS / CARL RECINEсынып
сынып - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Алматыда мектептегі орын санын ұлғайту бойынша шаралар мен жаңа тәсілдер кешенін әзірлеу тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мұғалімдерді қолдау мен мектеп құрылысының қарқыны туралы айтты.

Оның айтуынша, бұл саладағы негізгі мәселелердің бірі – мектептегі орын тапшылығын азайту. Биыл 3,5 мың оқушыға арналған 11 жекеменшік мектеп ашылды, 4 150 орындық 9 жаңа ғимарат пайдалануға берілді. 4 113 орындық тағы 8 ғимарат қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі.

"Сонымен қатар 12,6 мың оқушыға арналған 8 мектептің құрылысы жүргізілуде. Сондай -ақ 2023 жылға қарай 2 650 орындық төрт мектеп пен 2 650 орындық 7 ғимарат салу жоспарлануда. 2 340 балаға арналған 10 балабақшаның құрылысы бойынша жобалар әзірленуде", - деп атап өтті ол.

Мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына дейін білім беру ордаларының құрылысы жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Алматы әкімі  мектептерде орын санын ұлғайту бойынша шаралар мен жаңа тәсілдер кешенін әзірлеуді тапсырды.

Оқи отырыңыз: Еуропаға жолдама алады: алматылық мұғалімдер арасында байқау басталды

Бұған дейін Алматы мектептерінің бірінде 1 "Ю сыныбы ашылғаны туралы жазған болатынбыз

Алматыдағы №157 жалпы білім беретін мектеп биыл бірінші сынып оқушыларының саны бойынша рекорд жаңартты.

Бұл мектеп Наурызбай ауданында орналасқан. Мұнда 1 "Ю" сыныбының ашылғанына қатысты қалалық білім басқармасы түсініктеме берді.

Редакция жолдаған ресми сауалға берілген жауапқа сәйкес, биыл мектепте бірінші сыныпқа 714 оқушы қабылданды. Дәстүрлі форматта оқу кезінде сыныптағы бала саны 25 оқушыдан аспауы қажет екені ескеріліп, мұнда 28 сынып ашылған.

"Alma City, BI Group және "Шұғыла" жаңа ықшам аудандарының салынуына байланысты мектепте сынып саны артты", - деп хабарлады білім басқармасы.

Ал мектеп 1 540 оқушыға лайықталған. Қазір №157 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сыныпқа дейін 4 862 адам оқиды.

 

 

Жаңалықтар
0