Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қандай құрылыс нысандары жұмысын тоқтатуы мүмкін

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтандағы құрылыс
Нұр-Сұлтандағы құрылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Құрылыс нысандарында қауіпсіздік шараларын сақтауға арналған мониторинг жұмыстары күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов өндірістік жарақаттардың алдын алу үшін қандай шаралар атқарылып жатқаны туралы айтты.

Оның айтуынша, құрылысшылардың қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалауды күшейту қажет.

"Қала кәсіпорындары, әсіресе құрылыс нысандары қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай сақтауы қажет. Адам өмірі мен компаниялардың беделі осыған тікелей байланысты. Өндірістік жарақаттануды азайту үшін бірқатар жүйелі шара қабылданып жатыр. Бүгін әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия отырысында өзекті мәселелер қаралды", - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Әкімнің сөзіне сүйенсек, осылайша кәсіподақ және жұмысшылар конфедерациясы бірлесіп, нысандарда қауіпсіздік ережелерін сақтау жұмысы күшейтпек. Тәртіп бұзылған жағдайда қызметкерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейінше құрылыс нысандарының жұмысы тоқтатылады.

"Бұдан басқа, құрылыс нысандарында қауіпсіздік шараларын сақтауға арналған мониторинг жұмыстарын қосымша күшейтеміз, еңбек қызметі тараптарының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру үшін кәсіпорындарға бару жалғасады. Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер департаменті жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мәселелерін бақылауда ұстауы, ірі қарызгерлердің төлемдер мәселелерін шешуі қажет", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанның қақ ортасында құрылысы аяқталмаған ғимарат бұзылып жатыр – видео

 

Жаңалықтар
0