Елорда тынысы

Елордада көлік картасын беретін кассаның алдында ұзын-сонар кезек пайда болды – фото

© Sputnik / СтрингерАстана LRT кассасының алдындағы кезек
Астана LRT кассасының алдындағы кезек - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Елорданың көлік компаниясы астаналықтарды кассаға жүгірмей, әлеуметтік педагогтерді күтуге шақырды. Картасы жоқ балаларды автобустан ешкім түсіріп тастамайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. CTS көлік компаниясы орталық кассасының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды. Басым бөлігі мектеп көлік картасын рәсімдеуге келген.

Елордалық компанияның баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне кезек екі түрлі себеппен пайда болғанын мәлімдеді.

"Бүгіннен бастап біз ғимаратқа 20 адамнан кіргіземіз. Бір мезетте 15 кассир жұмыс істейді, бір клиентке қызмет көрсетуге шамамен үш минут кетеді. Кешеден бері адам қарасы үзілер емес", - деді CTS.

1 қыркүйекте CTS орталық кассасы 844 клиентке қызмет көрсеткен. Көбі мектеп көлік картасын рәсімдеуге келіпті.

Сондай-ақ компания елордалықтарға мектеп картасын өз бетінше рәсімдеу міндетті емес екенін айтты. Ең дұрысы, әлеуметтік педагогтердің оқушылардың құжатын жинап, картаны бір уақытта рәсімдеуін күту.

© Sputnik / СтрингерОрталық касса алдындағы кезек
Елордада көлік картасын беретін кассаның алдында ұзын-сонар кезек пайда болды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Орталық касса алдындағы кезек

"Бір ай ішінде бұл жұмыс аяқталады. Осы уақыт аралығында ешкім де мектеп оқушыларын автобустан түсіріп тастамайды немесе жолақы талап етпейді", - деп нақтылады көлік компаниясы.

Айта кетері, елордалық оқушылар қоғамдық көлікпен тегін жүреді. Алайда мектеп көлік картасының болуы міндетті. Картаны валидациялау CTS сарапшыларына автобустардың бағдары мен жиілігін дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері қала оқушылары 8 миллионнан астам валидация жасаған.

Жаңалықтар
0