Экономика

Досаев инфляцияны 4-6% деңгейіне қалай қайтаратынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, иллюстративное фото
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Маусымаралық кезеңде картоп пен сәбіздің бақылаусыз экспортына байланысты олар әдеттегіден күрт қымбаттады. Соның салдарынан ішкі нарықта тапшылық пайда болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев президенттің инфляцияны 4-6% дәлізге қайтару туралы тапсырмасы қалай орындалатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп 2022 жылы инфляцияны 4-6% нысаналы дәлізге қайтаруға айрықша көңіл бөледі.

"Инфляцияны 2022 жылы нысаналы дәлізге қайтару бойынша Жолдауда қойылған міндеттерді тиімді шешу үшін 2021-2023 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешені әзірленіп, келісудің соңғы сатысында тұр", - деді Досаев үкімет отырысында.

Айтуынша, биыл 8 айдың қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясының өсімі 11,4%-ті құраған.

Маусымаралық кезеңде картоп пен сәбіздің бақылаусыз экспортына байланысты олар әдеттегіден күрт қымбаттады. Соның салдарынан ішкі нарықта тапшылық пайда болды.

"Жоғарыда көрсетілген факторлар негізінде азық-түлік бағасының өсуіне қарсы күресте үкімет пен әкімдердің негізгі күш-жігерін тауар өндірісінің, экспорт пен импорт балансын ескере отырып, ішкі нарықты жан-жақты толықтыруға жұмсау керек", - деді ол.

Бұл шаралар инфляцияның азық-түлікке жататын және азық-түлікке жатпайтын бөліктерінің монетарлық емес факторларын айтарлықтай төмендетуді қамтамасыз етуге, орта мерзімді негізде болжамды және теңгерімді тарифтік саясатты қамтамасыз етуге тиіс, деп түйіндеді ұлттық банк төрағасы.

Жаңалықтар
0