Әлем

АҚШ әскери интервенциядан бас тартты

© AP Photo / Ali Abdul HassanАмериканские военные чистят военную базу Эйн-аль-Асад после обстрела в Ираке
Американские военные чистят военную базу Эйн-аль-Асад после обстрела в Ираке - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
АҚШ ауқымды әскери әрекеттерден бас тартып, өзге елде қайта құру жүргізуден аулақ болу туралы ұстанымда отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Америка өзінің жаһандық стратегиясын өзгертіп жатқан секілді. Себебі президент Джо Байден америкалық интервенционизмнің аяқталғаны туралы жариялады, деп жазды РИА Новости.

Себебі АҚШ-тың қорғаныс министрі Ллойд Остин америкалық әскердің Ауғанстаннан толық шығарылуы туралы сөз етіп, "дәстүрлі соғыс Американы әбден қажытты және бұл кезең аяқталды" деп пікір білдірді. Сонымен қатар АҚШ президенті Джо Байден бұл ойды одан әрі өрбітті: "Біздің еліміз соңғы 20 жылда жүргізген сыртқы саясат парақшасын аударып отырып, біз сол кезде жіберілген қателіктерден сабақ алуымыз керек. Ауғанстан бойынша шешім Ауғанстанға ғана қатысты емес. Мұнда мәселе басқа елдерді қайта құру бойынша жүргізілген ірі әскери операциялар дәуірін аяқтауға қатысты болып отыр. Әскерді үлкен аумақта орналастыру мен дүниетанымнан бас тарту бізді өз елімізде қуатты, тиімді әрі қауіпсіз етеді".

Байден Ауғанстандағы сәтсіздікті "біз террористермен күрес және шабуылдарды тоқтатуға бағытталған терроризмге қарсы миссияны жүргіздік. Бірақ ол ұлт қалыптастыруға, бұл ел тарихында бұрын-соңды болмаған демократиялы, біртұтас және бірыңғай Ауғанстанды құру әрекетіне өзгеріп кетті" деп түсіндірді.

Әскери интервенциядан расында да бас тарта ма

Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен сөз қай Америка жайында – Америка Құрама штаттары туралы ма немесе батыс әлемнің көшбасшысы туралы ма, соны анықтау керек. Қазір АҚШ-ты ұлттық мемлекет деп атау қиынға соғып тұр. Себебі Трампты құлату арқылы бұл елде ұлттық мүдде мен америкалық халықтың жеке құқықтары тапталып жатқанын көруге болады. АҚШ көп уақыттан бері өзінің жаһандық элитасының құрсауында қалып отыр. Сонда Байденнің мәлімдемесі жай сөз бе?

Жоқ, ол ойындағысын айтты: АҚШ-қа қазір жаһандық интервенцияның түкке қажеті жоқ. Америка қуаты бойынша әлемнің көптеген елін басып ала алады. Бірақ оның не мәні бар? Америка әлемді бақылауда ұстап қана қоймай, онда либералды құндылықтарға негізделген "тәртіпті" әлем құруды көздеді. Яғни әлемді идеология арқылы бағындырып, өзінің әскери және қаржы-экономикалық басымдылыққа ие болуын қалады.

Ер адамдар мен балалар үйлерінің алдында отыр. Ауғанстан, архив сурет.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2021
Оқиға
Кабулда АҚШ-тың әуеден жасалған соққысынан алты бала көз жұмды

Ол қарапайым геосаяси күресте жоғары деңгейде жеңіске жеткісі келгенімен, жеңілісі басым болды. Сондықтан жаһаншыл АҚШ Ирак пен Ауғанстандағы оккупацияға белсене араласуының астарында терроризммен күрес, мұнай мен героинді бақылауға алу емес, шындығында Үлкен Таяу Шығыстағы батыстық көзқарастарды енгізе отырып, Еуразияны бақылауда ұстау жатыр деуге негіз бар.

Бірақ ақырында нәтиже олар күткендей болған жоқ: ислам әлемінде Америкаға деген жек көрініш қалыптасқан, одақтастарының АҚШ-қа деген сенімі азайып, күдігі артты. Бірақ Америка әлем аренасында өзінің позициясын төмендетіп қана қоймай, өзі ішінен жік-жікке бөлінді. Бұл жағдайда АҚШ әлем елдерінің жай-күйін бақылайтын жағдайда емес.

Трамп та кезінде дәл осы ұстанымды мейлінше кеңінен насихаттаған болатын. Бірақ оның АҚШ-тың жаһандық миссиясына, глобализм мен атлантизм сынды әрекеттерге еш қатысы болмады. Ол жай ғана расында да АҚШ-ты нығайтып, қалпына келтіруді аңсады. Ол мұны жаңа күшпен қайта оралып, жаһандық либералды тәртіп орнату үшін қалаған жоқ. Себебі Трамп әлемді америкалықтар үстемдік ететін территория ретінде емес, түрлі күш орталықтарының күресі ретінде қарастырды.

АҚШ дәл осы секілді әрекеттерді Германияда да, кейіннен Жапонияда да жүзеге асырған болатын. Бірақ Германия мен Ауғанстанда демократия орнату деген екі бөлек дүние. Себебі бірінші жағдайда онсыз да бар режимді қайта қалпына келтіру қажет болса, екінші жағдайда мүлде бөтен тәртіп пен қағиданы енгізу керек болды. Ауғанстанның құқықтық құрылымының өз моделі болғанымен, америкалықтар оны елемеді.

Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2021
Әлем
АҚШ бәсекелестікті күшейтуге кірісті

АҚШ шариғатты теріске шығарып, таққа король Заххир Шахтың қайта оралуы туралы шешімді кері қайтарды. Захир 2002 жылы Лойя Джирганы – ауған тайпаларының кеңесі, халық дауысын қабылдамақ еді. Америкалықтар ауған қоғамын жете таныған жоқ және тануға тырыспады. Олар өзгенің әдет-ғұрпы мен ұстанымын жоққа шығарып, бір қоғамға екінші, мүлде жат өркениетті енгізуді қалады. Жергілікті халықты өздерінен төмен санаудың, оларды жабайы көрудің себебі де осында болды.

Сондықтан АҚШ-тың ауқымды әскери әрекеттерден бас тартып, өзге елде қайта құру жүргізуден аулақ болу туралы ұстанымы сенім тудырмайды. Себебі америкалықтар қару-жарақ пен күшті қолданбай-ақ, саяси, идеологиялық, қаржы, мәдени, психологиялық әдістермен өз көздегенін жүргізе алады.

Жаңалықтар
0