Қоғам

Қазақстанда 20 заманауи аурухана салынады

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиБольница, реанимация
Больница, реанимация  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
137 тірек елді мекенде фельдшерлік-акушерлік, медициналық пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар ашылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі 20 заманауи аурухана мен 2 ғылыми-инновациялық орталық салу жобаларын іске асырып жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ауыл халқын медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін 137 тірек елді мекенде фельдшерлік-акушерлік, медициналық пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар ашылады. Бұған жалпы сомасы 8,2 миллиард теңге қарастырылған.

"Бұған қоса, біз кемінде 20 заманауи аурухана мен 2 ғылыми-инновациялық орталық құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатырмыз", - деді Цой үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, ведомствоға бағынышты және өңірлік медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту үшін 20 нысан салу және жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыстарға 85 миллиард теңге көзделіп отыр.

Сондай-ақ министр медицина саласын кадрмен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 7,5 мыңнан аса дәрігер мен 24 мың орта медицина қызметкері даярланып шығатынын айтты.

Жаңалықтар
0