Қоғам

Ешқандай технология партаны алмастыра алмайды: оқушылар мектепке оралды

© REUTERS / CARL RECINEУченический стол в школьном классе
Ученический стол в школьном классе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Министр Аймағамбетов пандемия мұғалімнің баға жетпес рөлін айқындай түскенін атап өтті

АЛМАТЫ, 1 қыркүйек – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздар, оқушылар мен студенттерді білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр құттықтауында жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталғанын айтты. Сондай-ақ бұл күнді көптеген қазақстандықтың асыға күткенін жеткізді.

"Әлемдік пандемия білім беру үрдісіндегі мұғалімнің баға жетпес рөлін айқындай түсті. Атап айтсақ, мұғалімнің кәсібилігі, тәжірибесі, балаға деген сүйіспеншілігі мен оқушының өміріндегі атқаратын рөлі айқындалды. Әлбетте, мұғалімдер гаджет экрандары арқылы емес, балалармен тікелей байланыста бола отырып беретін білімді заманауи технологиялармен салыстыру қиын", - деп жазды Аймағамбетов Facebook парақшасында.

Министрдің айтуынша, биыл 394 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.

"Осы салтанатты күні "Әліппе" мен "Букварь" оқулықтарын қолдарына алатын бірінші сынып оқушыларын құттықтағым келеді. Бүлдіршіндерімізге мықты денсаулық тілеп, ашық және білімқұмар болуға шақырамын", - деді ол.

Сондай-ақ жаңа оқу жылы әрбір оқушы, студент, мұғалім және оқытушы, жалпы білім беру саласына қатысы бар әрбір адам үшін қызықты әрі пайдалы болуын тіледі.

"Құрметті әріптестер! Көптен күткен дәстүрлі форматқа оралып, мектеп қабырғасында балалардың жарқын күлкісін есту сіздерді қуанышқа бөлейтінін білемін. Жоғары оқу орындарындағы аудиториялар да қызықты әңгімелер мен зияткерлік пікірталастарға толы болары сөзсіз", - деп жазды Аймағамбетов.

2021-2022 оқу жылы дәстүрлі форматта басталды. Мектепке педагогтер, қызметкерлер мен ата-аналар Ashyq қосымшасы арқылы ғана кіре алады.

Жаңалықтар
0