Қоғам

Қазақстанда халық санағы басталды

© Sputnik / Владислав ВодневПерепись населения 20202
Перепись населения 20202 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Онлайн режимінде санақтан өтпеген азаматтар 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады

АЛМАТЫ, 1 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде халық санағы үшінші рет өткізіліп жатыр. Биылғы санақтың ерекшелігі – шарада алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылады.

"1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағынан өтуге болады. Сайт 24 сағат бойы жұмыс істейді", - деп хабарлады ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.

Онлайн режимінде санақтан өтпеген азаматтар 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Бұл жағдайда барлық санитарлық талап сақталады. Сондай-ақ интервьюерлер санақ кезінде электронды планшет пайдаланады.

Биылғы халық санағында 91 сұрақ бар. Алайда бұл азаматтар сауалдың барлығына жауап береді дегенді білдірмейді. Себебі санақ парақтарында шетелге кеткен немесе елге келген адамдарға, тек қана әйелдерге қойылатын сұрақтар бар. Сондай-ақ үйдің жағдайына қатысты сауалдарға тек үйдің иесі жауап береді.

Биыл санақта "Шетелге көшу жоспарыңызда бар ма?" деген сұрақ қосылды. Ол халықаралық ұйымдардың талабы бойынша әлемдегі көші-қон процестерін білу үшін енгізілген. Бұдан бөлек жұмыспен қамту, неке, тілдерді меңгеру, табыс көздері, мүгедектік, діни қөзқарасы туралы сұрақтар бар.

Орташа есеппен санақ сауалдарына жауап беруге 20-25 минут қажет, деп хабарлады ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Халық санағынан онлайн өту үшін не істеу керек екенін видеодан көруге болады.

Жаңалықтар
0