Қоғам

Қауіпсіз атом энергетикасы: 1 жыл ішінде шешім қабылданады

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуСтроительство АЭС, архивное фото
Строительство АЭС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне де баса назар аударды. Онсыз бейбіт атомды дамыту қиынға соғады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылдың ішінде қауіпсіз атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін жан-жақты зерделеп шығуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергияcының тапшылығы болады. Ал әлемдік тәжірибеге сәйкес, тиімді шешім бар. Ол – бейбіт атом. Иә, оңай шаруа емес. Сондықтан осы мәселені ұтымды шеше білуіміз керек, сан алуан болжам мен эмоцияға жол бермейік. Бір жыл ішінде үкімет пен "Самұрық-Қазына" елімізде қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеп шығуы тиіс", - деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауда.

Осы орайда мемлекет басшысы атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне де баса назар аударды. Онсыз бейбіт атомды дамыту қиынға соғады.

Айта кетері, Қазақстанда бірнеше жылдан бері атом электрстанциясын салу мәселесі талқыланып келеді. Осы ауқымды құрылысты екі облыстың бірінде бастауға ұсыныс болған. Алайда халық арасында наразылық көп болды. Осыдан кейін АЭС салу мәселесін кейінге қалдырған болатын.

Жаңалықтар
0