Қоғам

Қарағандыда жазасын өтеуші әйел 38 жасында мектеп партасына отырды

© Sputnik / Тимур Батыршинтүзеу мекемесі
түзеу мекемесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Ол 15 жасында оқуды тастап кеткен. Енді сол кезде жоғалтқан уақыттың есесін қайтармақшы

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды колонияларының бірінде жазасын өтеуші әйел 1 қыркүйекте мектеп партасына отырды.

Өзінің айтуынша, ол 15 жасында тұрмысқа шығып, оқуды тастауға мәжбүр болған. Енді орта білім алу үшін оқуды жалғастыруға шешім қабылдаған. Өйткені болашақта жұмыс істегісі келеді.

"Мен есірткі заттарын сақтағаным үшін 10 жылға сотталдым. Қарағанды облысының 159/9 қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жазамды өтеу үшін түстім. Енді осында орта білім алып шықпақпын. Осы жаста мектеп партасына қайта отыру қорқынышты емес. Мектепті аяқтаған соң, еркіндікте жұмыссыз қалмау үшін аспаз мамандығын оқып шығамын", - дейді Любовь Кодрен.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы түрмелердің бірінде жоғары оқу орны ашылады

 

Жаңалықтар
0