Қоғам

Қазақстанда аудан әкімдерінің сайлауы өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель чиновника, архивное фото
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Бұл шешім ауыл тұрғындарының, яғни 40%-тен астам қазақстандықтың мүдделеріне тікелей қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. 2024 жылы Қазақстанда пилоттық режимде аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу Қазақстан үшін маңызды қадам болғанын атап өтті.

"Бұл шешім ауыл тұрғындарының, яғни 40%-тен астам қазақстандықтың мүдделеріне тікелей қатысты. Біз дұрыс жолда келе жатырмыз. 2024 жылы азаматтар пилоттық режимде болсын аудан әкімдерін сайлау мүмкіндігіне ие болады", - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау туралы: алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр 

Еске салсақ, 25 шілдеде Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Бұл сайлауда республика бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округіне 730 әкім сайланды. Тағы 45 басшы жыл соңына дейін сайланады, ол үшін әкімдердің өкілет мерзімі аяқталуы қажет.

Жаңалықтар
0