Экономика

Тоқаев мемлекеттен заңсыз көмек алатындар жайлы: жауап беруі керек

© Sputnik / Абзал КалиевФрагменты купюр тенге
Фрагменты купюр тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алды. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатын адамдар заң алдында жауап беруі керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету – басты міндеттердің бірі. Алайда қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алды. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адамдар кез келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек", - деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауында.

Айтуынша, мұндай жағдайлар мемлекеттен ала берсем деген көзқарас қалыптастырды. Ал көмекке шынымен мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр.

"Әрине, біздің елдің мүмкіндігі зор. Бірақ оның да шегі бар. Ең бастысы, әлеуметтік жеңілдікке ие болсам деген орынсыз пиғыл адамды өз еңбегімен табыс табу қабілетінен айырады. Мұндай жағымсыз өмір салты ұрпақ тәрбиесіне қазірдің өзінде кері әсер ете бастады. Сондықтан бізге түбегейлі өзгеріс керек", - деді президент.

Ол заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс екенін атап өтті. Қазір әзірленіп жатқан әлеуметтік кодексте осындай дүниелерге барынша назар аударылады.

Жаңалықтар
0