Спорт

Токиодағы Паралимпиада: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуПаралимпиада 2018, архив сурет
Паралимпиада 2018, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Шешуші кезеңде спортшы 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзіп, қола медалге ие болды

АЛМАТЫ, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.

Шешуші кезеңде спортшы 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзіп, 1:05.20 деген нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткіш қазақстандық спортшының қоржынына қола медаль әкелді.

Германиядан келген Талисо Энгель алтын медаль алды. Екінші орын АҚШ атынан шыққан Генри Эбрахамске бұйырды.

Айта кетері, бұған дейін қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет, Зарина Байбатина күміс медаль ұтып алды. Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды.

Токиодағы Паралимпиадада 136 мемлекеттен 4 400-ге жуық спортшы 22 спорт түрінен сынға түсіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Токио Паралимпиадасына 84 жылға сотталған террорист қатысып жатыр

 

Жаңалықтар
0