Қоғам

Мемлекет басшысы кімдерге жер берілетінін айтты

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуСтроитель на крыше, иллюстративное фото
Строитель на крыше, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстіктен солтүстікке көшетіндерге жер беруді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударатын адамдарға көбірек жеңілдік жасауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, үкімет оңтүстіктен солтүстікке көшетін азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы механизмін өзгертуі керек.

"Атап айтқанда, жәрдемақыны тек әкімдік арқылы ғана емес, жұмысшыларды оңтүстіктен өз бетінше жалдайтын жұмыс берушілердің шығындарын өтеу жолымен ұсынуға болады", - деді Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында.

Оқи отырыңыз: Солтүстікке көшетіндерге берілетін біржолғы жәрдемақы екі есеге көбейеді 

Сонымен қатар президент өз кәсібін ашқысы келген қоныс аударушыларға көмектесуді тапсырды.

"Сондай-ақ оларға жер учаскілерін беру мүмкіндігін қарастыру қажет. Жер тек үй құрылысына ғана емес, ауыл шаруашылығы үшін де берілуге тиіс. Мемлекеттік қолдау шаралары азаматтарға барынша қолжетімді болуы керек", - деді мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0