Саясат

Мәжіліс депутаты өз еркімен жұмыстан кетті

© Sputnik / Владислав ВодневМәжіліс кіреберісі
Мәжіліс кіреберісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Мәжіліс Азат Сембиновтың депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісі депутат Азат Сембиновтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Азат Талғатұлы Сембинов өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш берген. Мәжіліс оның депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.

"Мен үшін бұл үлкен мектеп болды деп санаймын. Қысқа мерзім болса да, үлкен тәжірибе жинадым. Жақсылықта кездесе берейік. Баршаңызға алғыс айтамын", - деді Сембинов.

Оқи отырыңыз: Парламент депутаттары жазда қайда демалатынын айтты – видео 

Жаңалықтар
0