Қоғам

Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды

© Sputnik / Абзал КалиевКадровые перестановки, иллюстративное фото
Кадровые перестановки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Ол "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ президент әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Тиісті құжатқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

"Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген құжатта.

Ол "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ президент әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды.

Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарды. Шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қызметінен босатты. Бұл шешімге Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қауаңшылыққа байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер тарапынан тиісті шаралар атқармағаны себеп болды.

Жаңа министр туралы не белгілі

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған.

© Photo : ПС Минсельхоза РК Ербол Қарашөкеев, тұрғындармен кездесу
Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
 Ербол Қарашөкеев, тұрғындармен кездесу

Еңбек жолын 1998 жылы статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған.

ҚР президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты, "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ қаржы департаментінің директорының міндетін атқарушы, директоры – басқарма мүшесі болды.

2006-2007 жылдары қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінде жұмыс істеді. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры болды. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарған.

2013-2016 жылдары – "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін "ҚазАгро" холдингі" АҚ басқарма төрағасы.

2021 жылдың сәуір-шілде аралығында қаржы вице-министрі болды.

2021 жылдың шілдесінен бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрі міндетін атқарды.

Жаңалықтар
0