Әлем

Үндістанда 40 адам белгісіз аурудан қайтыс болды

© AFP 2024 / ARUN SANKARДети в индийских кварталах
Дети в индийских кварталах - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында 32 бала мен 7 ересек адам қайтыс болды. Белгісіз аурудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Үндістанның Уттар-Прадеш штатының денсаулық сақтау министрі Джай Пратап Сингх өткен аптада ондаған адам қайтыс болған жаңа ауруға қатысты түсініктеме берді.

Үндістан билігі бұған дейін белгілі болмаған жаңа ауруды анықтау бойынша жұмыстарды бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Уттар-Прадеш билігінің хабарлауынша, ауруға денге безгегі себеп болуы мүмкін.

"Мұндай жағдайдың өршу себебі әлі де зерттеліп жатыр, бірақ белгілері денге безгегіне ұқсайды. Бұл туралы мемлекеттік органдарға хабарладық", - деді денсаулық сақтау жөніндегі өңірдегі бас хатшының орынбасары Амит Мохан Прасад.

Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ауырып қалғандардың басым бөлігінде дене қызуы көтерілген, қандағы тромбоциттер деңгейінің төмендеуі байқалған.

Басқа науқастардың басы, бұлшықеті ауырып, жүрегі айнып, лимфа түйіндері пайда болған.

Қазір 39 адамның қайтыс болғаны хабарланды, оның ішінде 32 бала бар.

Денге безгегі – маса шағуы арқылы берілетін вирустық инфекция. Ол Оңтүстік-Шығыс Азияда кең таралған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, арнайы ем жоқ, вакцинаны бір рет ауырған адамдарға салуға болады.

Жаңалықтар
0