АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында қыз алып қашқандар апатқа ұшырап, төрт адам жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға 30 тамызда болған.
Шамамен сағат 22:30-да Пугачев ауылы маңында Бөрлі – Ақсай – Жымпиты жолының 27-шақырымында 1999 жылы туған жүргізуші "Лада Приора" автокөлігімен үш жылқыны қағып кеткен.
Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, олар Оралдан Ақсай қаласына қыз алып қашып бара жатқан.
Апат салдарынан бес адам зардап шекті, оның төртеуі жансақтау бөліміне түсті. Тағы бір адамға хирургия бөлімінде медициналық көмек көрсетілді.