Өңірлер

Қазақстанда қыркүйекте ауа райы қандай болады

© Sputnik / Владислав ВодневСтолица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху
Столица Казахстана - город Нур-Султан. Вид сверху - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
Қыркүйектің басында елдің батыс, шығыс аймақтарында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа райы құбылмалы болады

АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде қыркүйектің бірінші жартысында үсік жүреді. Оңтүстік облыстарда айдың соңында ғана байқалуы мүмкін.

Алайда консультативтік болжамға сәйкес, айдың басында елдің солтүстік және орталық аймақтарында топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады.

Қыркүйектің басында елдің батыс, шығыс аймақтарында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа райы құбылмалы болады.

Онкүндіктің соңында Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейіп, екпіні 15-23 м/с жетеді.

Айдың бірінші онкүндігінде батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30...+35°С-тан +17...+25°С-қа дейін төмендейді.

Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасының күндіз +13...+20°С-тан +23..+30°С-қа дейін, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +25...+32°С-тан +28...+37°С-қа дейін өзгереді.

Екінші онкүндіктің басында елдің солтүстігі мен орталығына ауа райы салқындайды, ауа температурасының төмендейді.

Айдың екінші жартысында ауа температурасы Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5...+13°С-тан -5...+10°С-қа дейін, күндіз +20...+28°С-тан +15...+20°С-қа дейін; елдің оңтүстігінде және батысында түнде +7...+15°С-тан 0...+5°С-қа дейін, күндіз +25...+30°С-тан +17...+22°С-қа дейін ауытқиды.

Жаңалықтар
0