Оқиға

"Біреу айқайлады, біреу жылады": өрт сөндіруші жарылыстың қалай басталғанын айтты

© Photo : Предоставлено подписчикамиПоследствия взрывов на территории воинской части, в которой произошло ЧП
Последствия взрывов на территории воинской части, в которой произошло ЧП - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
Бірдеңе айтайын десем, дауысым шықпайды. Сөйтсем, аузым шыныға толып қалыпты, дейді Байбек Сембеков

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Өрт сөндіруші Байбек Сембеков әскери қоймадағы жарылыс қалай басталғанын айтып берді, хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Байбек Тараз қалалық өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы болып жұмыс істейді. Сол күні алғашқылардың бірі болып әскери қоймаға барған.  

"Оқиға орнына барған бойда басшы ретінде бірден әскерилердің біріне жолығып, қоймада не сақталғанын сұрадым. Қатардағы жауынгер ме, офицер ме, есімде жоқ, әйтеуір, қатты жарылатын зат жоқ деді. Содан біз бірден жұмысымызға кірісіп кеттік. Мен су алатын жер іздей бастадым. Ол жерде су мүлдем болмады. Ал біз мініп келген көліктерде 5 тонна, әрі кетсе 8 тонна  бар. Ол жетпейді, бір-бірімізге су беріп отыруымыз қажет. Сол себепті алдымен су алатын жер іздедік", - деді Сембеков "7 студия" жобасына берген сұхбатында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вечерняя программа «Студия 7» (@studiya_7tv)

Сол арада әскерилердің бірі танкте су таусылғанын айтқан. Оған өрт сөндіру көлігінен құйып берген. Осыдан кейін "көліктердің бәрі өрт ошағына жақындасын" деген команда берілген.

"Мен көлікке міндім. Ішінде бір сарбаз және жүргізуші болды. "Жақындап баруымыз керек" деп айтқаным сол еді, бірдеңе жарылды, көлігіміз аударылып кетті. Шамды қостым да, үшеуміз артқы орындыққа өттік. Сосын есікті аштық па, терезден шықтық па, ол да есімде жоқ, бірақ бірдеңе қып шықтық. Біреулер айқайлап жатты, біреулер жылады, көбісі не істеріп білмей қалды. Басын ұстап жатты. Бәрінің үсті-басы қан болған. Соққы өте қатты болды. Бірдеңе айтайын десем, дауысым шықпайды. Сөйтсем, аузым шыныға толып қалыпты. Түкірсем, қан шығып жатыр. Бәрінде солай болды. Алдыңғы терезенің шынысы кіріп кеткен ғой", - деп атап өтті өрт сөндіруші.

Жердегі өрт сөндірушілер ауыр жарақат алды. Біреуінің көзі көрмей қалса, енді біреуінің құлағы естімеді. Ал он минуттан кейін тағы бір жарылыс болды.

"Сол кезде біреу "К бою! К бою!" деп айқайлады. Біз болсақ, каскамен басымызды жауып, жерде жаттық. Біреудің аяғы сынды. Оған басқалар көмектесіп, алыстау жерге апаруға тырысты. Әйтеуір, шықтық. Бірдеңе қып тосқауылдан да секіріп өттік. Ол жерден қашып кетуге тырыстық", - дейді Сембеков.

Ал "Әскерилерге өкпе-ренішіңіз бар ма?" деген сұраққа өрт сөндіруші: "Өздері де жарылатын заттың бар екенін білмеген шығар. Өйткені көбінесе қатардағы жауынгерлер, сержанттар жүрді. Өзім офицерлерді байқамадым", - деп қысқа ғана қайырды. 

Жаңалықтар
0