Өңірлер

Қазақстанда барлық оқ-дәрілер қоймасының жағдайы тексеріледі

© Photo : Официальный сайт министерства обороны Республики КазахстанҚорғаныс министрлігінің бөлімшесі оқ-дәрілерді залалсыздандыруда
Қорғаныс министрлігінің бөлімшесі оқ-дәрілерді залалсыздандыруда - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
Министрлік Арыста болған өрттен кейін мұндай оқиғаларды болдырмау үшін кешенді шаралар қабылдаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштердің барлық қоймасындағы оқ-дәрілерді тексеру комиссиясы құрылды.

Бұйрықты бұрыңғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев шығарды.

Министрліктің бас инспекциясының бастығы генерал-лейтенант Әмір Халықов басшылық ететін Қарулы Күштердің барлық қоймасындағы оқ-дәрілерді тексеру комиссиясының құрамы тағайындалды.

"Шешім Жамбыл облысында орын алған оқиғаға байланысты қабылданды. Алғашқы сәттен бастап-ақ қорғаныс министрі өрт салдарын жою жұмыстарын ұйымдастырып, оқиғаның туындау себептері мен мән-жайын талдады", - делінген министрлік хабарламасында.

Аппарат кеңесінде генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев атап өткендей, Қорғаныс министрлігі Арыста болған өрттен кейін мұндай оқиғаларды болдырмау үшін кешенді шаралар қабылдаған болатын.

Сондай-ақ Қарулы Күштерде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдіру бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылып, 30 жыл ішінде алғаш рет оқ-дәрілерге толық түгендеу жүргізілді және екі сақтау базасының құрылысы ұйымдастырылды.

"Қабылданған шараларға қарамастан, министр берген бірқатар тапсырмалардың өз деңгейінде орындалмауы Жамбыл облысындағы оқиғаның себебі болуы да мүмкін. Оқиғаның шынайы себептері мен кінәлілерді тергеу жұмыстары анықтауы тиіс", - деді қорғаныс ведомствосының бұрыңғы басшысы.

Оқ-дәрілерді сақтау объектілері режимдік екенін ескере отырып, комиссия жұмысына кеңесшілер ретінде тәуелсіз және білікті сарапшыларды, оның ішінде Қарулы Күштердің ардагерлерін тарту тапсырылды.

Комиссия оқ-дәрілердің сақтау жағдайына объективті баға беріп, барлық кемшіліктерді анықтауға және оларды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: "Ешкім қашқан жоқ": Қорғаныс министрлігі жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
0