Кедергілерден өту эстафетасында қазақстандық десантшылар Қытай және Ресейдегі әріптестерімен қатар уақыт бойынша жақсы нәтиже көрсетті.
Байқау шарты бойынша 2,5 шақырымдық трассаға екі команда шығып, кедергілер жолағынан өтіп, 100-ден 250 метр қашықтықтағы нысананы көздеп атты.
Ал 15 шақырымдық эстафетада десантшылар "партульдер жарысы" деген кезеңнен өтті. Бес адамнан тұратын команда арасына 10 минут салып ұзындығы 60 шақырымдық маршрутқа шықты. Олар маршрутты байқау трассасында жасырынған бақылау нүктелерінде тіркеліп өту қажет болды.
"Десанттық взвод" байқауына 18 елден 450-ден астам әскери қызметкер қатысып жатыр.