Саясат

Тоқаев жаңа қорғаныс министрін тағайындады

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда резиденциясы
Ақорда резиденциясы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
Бұған дейін мемлекет басшысы экс-министр Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты қорғаныс министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын", делінген жарлық мәтінінде.

Мемлекет басшысының өкімімен Бектанов қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды. 

© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана Мұрат Бектанов
Тоқаев жаңа қорғаныс министрін тағайындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Мұрат Бектанов

Бұған дейін президент Тараз маңындағы жарылыстан кейін бұрынғы министр Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қанағаттандырды. Тоқаевтың жарлығымен ол қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. 

Тағы оқыңыз: Жамбыл облысында жарылыс орнынан табылған үш мәйіттің жеке басы анықталды

26 тамыз кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оннан астам жарылыс болды. Белгілі болғандай, қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған.

Соңғы мәлімет бойынша төтенше жағдайдан 15 адам қаза тапты. Барлығының жеке басы анықталды. Бұдан бөлек, тоқсанға жуық адам зардап шекті.

Жаңалықтар
0