НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында он бір автокөлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам ауруханаға түсті.
Желіде Жамбыл облысындағы тас жолда болған ірі апаттың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер саны оннан асып кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 тамыз "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының 393-ші шақырымында Алматы бағытында болды.
Бір мезетте он бір автокөлік соқтығысқан. Салдарынан бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.