Әлем

АҚШ әуе соққысынан көз жұмған ауғанстандықтың інісі сұхбат берді

© AFP 2024 / -Афганские беженцы пытаются покинуть страну через границу с Пакистаном
Афганские беженцы пытаются покинуть страну через границу с Пакистаном - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
АҚШ соққысы кезінде қайтыс болған ауғанстандық америкалықтармен байланыста болған және елден кетуді жоспарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз — Sputnik. АҚШ әуе соққысы кезінде қайтыс болған ауғанстандық әскери Насер Неджраби америкалықтармен байланыста болған. Інісі ол Америкаға кетуді жоспарлағанын айтты, деп жазады РИА Новости.

29 жастағы Неджраби он жылға жуық уақыт бойы әскерде қызмет еткен. Ол АҚШ арнайы мақсаттағы күштерімен де жұмыс істеді. Ауғанстанды тәлібтер шабуылдай түскенде ол Кандагар провинциясында қызметте болған. Қалаға содырлар кіргеннен 3 күн бұрын астанаға көшіп кетті. Інісінің айтуынша, Неджраби содырлар Кабулды басып алатынын сезіп, АҚШ-қа баруға құжат рәсімдей бастаған.

Ел астанасында жарылыс болғанда әскери ағасының үйінің ауласында жүрген. Далада 2-18 жас аралығындағы сегіз бөлесі болған. Бәрі көз жұмды.

Інісі соңғы рет трагедия алдында Насердің алдағы үйлену тойы жайлы сөйлескенін жеткізді.

"АҚШ Ауғанстанда саясатта да, соғыста да жеңілді. Енді бейбіт тұрғындар зардап шегіп жатыр", - деді ол.

Ауғанстаннан америкалықтардың шығуына байланысты республикадағы жағдай күрт нашарлады. Тәлібтер ірі қалаларға шабуыл жасай бастады. 15 тамызда бүлікшілердің барлық шекараны басып алғаны белгілі болды. Сол күні содырлар президент сарайына кіргенін айтты.

16 тамызға қараған түні Талибан* саяси кеңсесінің өкілі Мұхаммед Наим 20 жылға созылған соғыс аяқталғанын және жақын арада басқарудың жаңа формасы нақтыланатынын айтты.

Жексенбі күні АҚШ Кабулда көлікке әуе соққысын жасады. Америкалық әскерилердің айтуынша, ол жарылғыш зат тасыған. Әуежайға қауіп төндірген. CNN телеарнасының хабарлауынша, тоғыз бейбіт тұрғын, соның ішінде 6 бала көз жұмған. Al-Jazeera 12 адам мерт болғанын хабарлады.

Талибан* - Ауғанстандағы билікті басып алған діни экстремистік ұйым. Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде қызметіне тыйым салынған.

Жаңалықтар
0