Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Үміт пен күдік: пандемия тақырыбындағы әсерлі суреттер

Жазылу
IPA OneShot "Our Times-Pandemic Perspectives" фотобайқауының жеңімпаздары белгілі болды. Пандемия, карантин және әлеуметтік қашықтық тақырыбына арналған бұл суреттер адам басына күн туған шақтағы кезеңді боямасыз сипаттап тұр

IPA Oneshot: "Қазіргі уақыт – пандемия перспективасы" деп аталатын беделді халықаралық фотобайқау жаңа дарын иелерін анықтады.

Конкурс сайтында "өткен жыл тыныс-тіршіліктің барлық саласына әсер еткен жаһандық пандемиямен адамзат тарихындағы ең ауыр кезеңнің бірі ретінде жазылды. 2021 жылғы ІРА-ның OneShot фотоконкурсы коронавирустың әсері мен пандемияға байланысты оқиғаларға арналды" деп жазылған.

Әлем фотографтары конкурсқа қатысып, адам баласы бұл күрделі уақытты қалай өткізіп жатқаны, алдыңғы шепте жүріп, өмір үшін күрескен батырлар, карантин мен оқшауланудың салдары туралы суреттермен бөлісті.

Жеңімпаздар "Пандемия батырлары", "Оқшаулану", "Отбасы", "Технологиялар" және "Жаңа ақиқат" номинациялары бойынша анықталды. Байқауға ұсынылған жұмыстарды құрамында әлемге танымал галерист, фоторедактор, беделді фотограф және басқа да қоғам белсенділері бар қазылар алқасы бағалады.

Жүрек тебірентерліктей әсерлі суреттерді Sputnik материалынан тамашалаңыз.

© Photo : Liz Hingley / IPA OneShot Фотограф Лиз Хинглидің "Ас бөлмесіндегі сот отырысы" атты суреті. Ол IPA OneShot "Our Times-Pandemic Perspectives" конкурсында "Мамандар" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сурет авторының айтуынша, бұл портрет әлеуметтік оқшаулану, жұмыс істеудің жаңа әдісі мен гаджеттер арқылы байланысты игеруге арналған топтаманың бір бөлігі болып саналады.
Фотограф Лиз Хинглидің Ас бөлмесіндегі сот отырысы атты суреті. - Sputnik Қазақстан
1/10
Фотограф Лиз Хинглидің "Ас бөлмесіндегі сот отырысы" атты суреті. Ол IPA OneShot "Our Times-Pandemic Perspectives" конкурсында "Мамандар" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сурет авторының айтуынша, бұл портрет әлеуметтік оқшаулану, жұмыс істеудің жаңа әдісі мен гаджеттер арқылы байланысты игеруге арналған топтаманың бір бөлігі болып саналады.
© Photo : F. Dilek Uyar / IPA OneShot Конкурста екінші орынды иеленген түрік фотографы Ф. Дилек Уярдың "Құлшылық алдында" атты суреті. Автор карантиннен кейін мешіттер құлшылық ету үшін әлеуметтік қашықтық пен гигиена ережелерін қатаң сақтай отырып ашылғанын атап өтті.
Түрік фотографы Ф. Дилек Уярдың Құлшылық алдында атты суреті. - Sputnik Қазақстан
2/10
Конкурста екінші орынды иеленген түрік фотографы Ф. Дилек Уярдың "Құлшылық алдында" атты суреті. Автор карантиннен кейін мешіттер құлшылық ету үшін әлеуметтік қашықтық пен гигиена ережелерін қатаң сақтай отырып ашылғанын атап өтті.
© Photo : Diana Bagnoli / IPA OneShot "Құшақ бөлмесіндегі Умберто" атты суретті фотограф Диана Баньоли түсірді. Ол "Мамандар" номинациясында екінші орынды алды. Сурет авторының айтуынша, фотодағы Умберто 91 жаста және ол неге өз қызын әдеттегідей құшақтай алмайтынын түсінбей дал. Сан-Джузеппедегі қарттар үйінде коронавирус салдарынан көп қарт адам көз жұмдғандықтан туыстармен кездесуге қатаң тыйым салынды.
Құшақ бөлмесіндегі Умберто, фотограф Диана Баньоли. - Sputnik Қазақстан
3/10
"Құшақ бөлмесіндегі Умберто" атты суретті фотограф Диана Баньоли түсірді. Ол "Мамандар" номинациясында екінші орынды алды. Сурет авторының айтуынша, фотодағы Умберто 91 жаста және ол неге өз қызын әдеттегідей құшақтай алмайтынын түсінбей дал. Сан-Джузеппедегі қарттар үйінде коронавирус салдарынан көп қарт адам көз жұмдғандықтан туыстармен кездесуге қатаң тыйым салынды.
© Photo : Jason Au / IPA OneShot Фотограф Джейсон Аудың "Әлеуметтік оқшаулану" атты суреті IPA Oneshot "Қазіргі уақыт – пандемия перспективасы" конкурсында "Оқшаулану" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Суретте 2020 жылы пандемия кезінде Гонконг тұрғындары үлкен сауда үйінің терезесінен түскен жарықта тынығып отырғаны бейнеленген. Гонконг билігі әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша қатаң талап енгізген болатын.
Фотограф Джейсон Аудың Әлеуметтік оқшаулану атты суреті  - Sputnik Қазақстан
4/10
Фотограф Джейсон Аудың "Әлеуметтік оқшаулану" атты суреті IPA Oneshot "Қазіргі уақыт – пандемия перспективасы" конкурсында "Оқшаулану" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Суретте 2020 жылы пандемия кезінде Гонконг тұрғындары үлкен сауда үйінің терезесінен түскен жарықта тынығып отырғаны бейнеленген. Гонконг билігі әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша қатаң талап енгізген болатын.
© Photo : JL Javier / IPA OneShot Филиппин фотографы Дж. Л. Хавьердің "Аквариум" атты суреті "Мамандар" номинациясында бірінші орын алды. Балық сатушы өз сауда орнына әлеуметтік қашықтық ережелері туралы ескерту іліп қойды.
Филиппин фотографы Дж.Л.Хавьердің Аквариум атты суреті - Sputnik Қазақстан
5/10
Филиппин фотографы Дж. Л. Хавьердің "Аквариум" атты суреті "Мамандар" номинациясында бірінші орын алды. Балық сатушы өз сауда орнына әлеуметтік қашықтық ережелері туралы ескерту іліп қойды.
© Photo : Carles Ramos / IPA OneShot"Технологиялар" категориясында бірінші орын алған фотограф Карлес Рамостың "Бейнеқоңырау" атты суреті. Кадрда медбике қызымен бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп жатқан науқас гаджетін ұстап тұр.
Технологиялар категориясында бірінші орын алған фотограф Карлес Рамостың Бейнеқоңырау атты суреті. - Sputnik Қазақстан
6/10
"Технологиялар" категориясында бірінші орын алған фотограф Карлес Рамостың "Бейнеқоңырау" атты суреті. Кадрда медбике қызымен бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп жатқан науқас гаджетін ұстап тұр.
© Photo : Younes Mohammad / IPA OneShotИрак фотографы Юнес Мохаммадтың "Наурыз" атты суреті "Локдаун кезіндегі өмір" категориясында екінші орынды иеленді. Көктем кезінде далаға шыға алмаған отбасы шай қайнағанша шатырда демалып отыр.
Ирак фотографы Юнес Мохаммадтың Наурыз атты суреті  - Sputnik Қазақстан
7/10
Ирак фотографы Юнес Мохаммадтың "Наурыз" атты суреті "Локдаун кезіндегі өмір" категориясында екінші орынды иеленді. Көктем кезінде далаға шыға алмаған отбасы шай қайнағанша шатырда демалып отыр.
© Photo : Edy Gautama / IPA OneShotФотограф Эди Гаутамның "Қорғаушы періште" атты суреті "Пандемия батырлары" атты номинацияны иеленді. Суретте батырлар бетперде таратып жатыр.
Фотограф Эди Гаутамның Қорғаушы періште атты суреті - Sputnik Қазақстан
8/10
Фотограф Эди Гаутамның "Қорғаушы періште" атты суреті "Пандемия батырлары" атты номинацияны иеленді. Суретте батырлар бетперде таратып жатыр.
© Photo : John Rae / IPA OneShotФотограф Джон Рэяның "Науқас доктор Астуаға алғыс айтуда" атты сурет "Пандемия батырлары" категориясында бірінші орынды алды.
Фотограф Джон Рэяның Науқас доктор Астуаға алғыс айтуда атты суреті - Sputnik Қазақстан
9/10
Фотограф Джон Рэяның "Науқас доктор Астуаға алғыс айтуда" атты сурет "Пандемия батырлары" категориясында бірінші орынды алды.
© Photo : Samuel Rajkumar / IPA OneShotҮнді фотографы Самуэль Раджкумардың "Қайғы" атты суреті "Отбасылық конкурс" категориясында бірінші орынды иеленді. Коронавирустан көз жұмған Виджей Раджу отбасының мүшелері Гидденахалли аулындағы крематорийде марқұмды жоқтап тұр.
Үнді фотографы Самуэль Раджкумардың Қайғы атты суреті - Sputnik Қазақстан
10/10
Үнді фотографы Самуэль Раджкумардың "Қайғы" атты суреті "Отбасылық конкурс" категориясында бірінші орынды иеленді. Коронавирустан көз жұмған Виджей Раджу отбасының мүшелері Гидденахалли аулындағы крематорийде марқұмды жоқтап тұр.
Жаңалықтар
0