АЛМАТЫ, 30 тамыз – Sputnik. Уфа тұрғыны тұрғын үйдің бірінші қабатының терезесінен құлаған он бір айлық сәбиді қағып алды. Бірер минут бұрын сол үйдің үш жасар қызы терезеден құлап кеткен, ол ауруханаға жеткізілді.
РИА Новости ақпаратына сәйкес, қалалық азаматтық қорғаныс басқармасы төтенше жағдайдың жақында болғанын хабарлады.
"Ер адам сол маңнан өтіп бара жатқанда терезеден құлап кеткен үш жасар қыздың жерде жатқанын көрген. Ол тағы бір баланың терезеден "шығуға" тырысып жатқанын байқаған. Он бір айлық сәбиді әрең қағып алған", - деп хабарлады басқармадағылар.
Ер адам оқиға орнына жедел-құтқару қызметінің өкілдерін шақырды.
"Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға болған кезде пәтерде балалардың анасы болған. Қыз ауруханаға жеткізілді, ал сәбиге медициналық көмек көрсету қажет болмады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Үйлену тойында қайғылы оқиға болды: аспаз қайнап тұрған сорпаға құлап кетті