26 тамыз кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімдегі қоймалардың бірінде өрт шығып, жарылыс болды. Салдарынан 14 адам қайтыс болды. Жарылыс болған... 30.08.2021, Sputnik Қазақстан
26 тамыз кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімдегі қоймалардың бірінде өрт шығып, жарылыс болды. Салдарынан 14 адам қайтыс болды. Жарылыс болған жерге жақын орналасқан нысандар көп. Олардың барлығы бүлінген: есік-терезесі сынып, шатыры опырылып түскен
Жарылыс шыққан жерге жақын орналасқан бірнеше ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір олар туыстарының үйін паналап отыр. Өз үйіне оралғандар да бар.
Елді мекендерді өрт сөндірушілер, полиция бақылауға алған. Қазір бүлінген бизнес нысандарда апат салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Үш күн ішінде арнайы мамандар келтірілген зиян мен шығынды есептейді.
Жарылыстан кейін Жамбыл облысындағы жағдайдың қалай ретке келіп жатқанын Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.
Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасы жарылып, он төрт адам қайтыс болды. Жарылыс болған маңға жақын жердегі нысандар бүлінді: есік-терезелер сынып, шатыр құлады.
Бұған дейін қорғаныс министрлігі тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтқанымен, адамдар қалыпты тіршілігіне орала қойған жоқ.
3/13
Жарылыс болған қойма мен оның жанында орналасқан Қайнар ауылына сол жерде тұратын адамдарға да кіруге рұқсат етілмейді. Ал оған жақын жерде жедел жәрдем көлігі мен полиция қызметкерлері жүр.
Жарылыс болған кезде осы нысандар ішінде қызметкерлер жұмыс істеп жатқан. Тіпті қонақтар да болған. Олар жарылысты ести сала жазық далаға қарай қашқан.
Жергілікті кәсіпкерлердің айтуынша, өрт түсте сағат үш жарым шамасында басталған. Бірден өрт сөндірушілер келіп, жұмысқа кіріскен. Алайда араға бірнеше сағат салып жарылыс болған.
Кәсіпкерлердің бірінің көше бойында орналасқан мейрамхана, наубайхана, медициналық пункт, дәмхана, қонақүйі бүлінді. Қабырғалары жарылып, шатыр опырылып түскен.