Әлем

Немістер Ресейге "Солтүстік ағын-2" жобасын сатуды ұсынды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуСтроительство газопровода
Строительство газопровода  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2021
Жазылу
Саясат ғылымдарының кандидаты Дмитрий Журавлев "Солтүстік ағын-2" жобасына қатысты бұл идея іске аспайтынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Германия билігі Еуроодақ ережелерін айналып өту үшін "Солтүстік ағын-2" газ құбырын сату туралы "Газпромға" ұсыныс жасады, деп жазды БАҚ. Sputnik радиосының эфирінде саясат ғылымдарының кандидаты Дмитрий Журавлев осы идеяға қатысты пікір білдірді.  

"Егер "Газпром" "Солтүстік ағын-2" газ құбырын басқа сертификатталған операторға сататын болса, онда Еуроодақ директивасын айналып өте алады", - деп жазды Frankfurter Allgemeine Zeitung газеті неміс шенеуніктерінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.

Еуропа ережелері газ өндіруші компания мен инфрақұрылым операторы екі бөлек болғанын талап етуде. Олай болмаған жағдайда нысан қуатының 50 проценті тәуелсіз жабдықтаушының атына резервтелуі керек.

Бірнеше күн бұрын Дюссельдорфтың Жоғарғы жер соты неміс реттеуішінің шешіміне қарсы шыққан жоба операторы – Nord Stream 2 AG компаниясының апелляциясын кері қайтарды. Немістердің реттеуші ведомствосы "Солтүстік ағын-2" жобасын газ директивасы талаптарынан босатудан бас тартты.

Sputnik радиосының эфирінде Өңірлік проблемалар институтының жетекшісі, РФ үкіметі жанындағы Қаржы университетінің доценті, саясат ғылымдарының кандидаты Дмитрий Журавлев еуропалықтардың "Солтүстік ағын-2" жобасын сату туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.

"Газ директивасы бойынша газ өндірісі мен тасымалдау процесі бір мекеменің қолында болмауы керек. Сондықтан ЕО осы директива талаптары орындалуы үшін "Газпромға" газ құбырын сатуды ұсынып отыр. Мұнай құбырларына қатысты да олар осындай ұсыныс жасаған болатын. Бірақ ұсыныс қабылданбады. Бұл технологиялық процесті бұзу арқылы өзін бәсекеге қабілетті етуді көксеп отырған Батыстың идеясы болуы мүмкін", - деді Дмитрий Журавлев.

Ол "Солтүстік ағын-2" жобасына қатысты бұл идея іске аспайтынын мәлімдеді.

"Бәсекелестік – бұл екі компанияның бір тұтынушы үшін таласуы. Ал өндірістің бір бөлігін екіншісінен ажыратуды бәсекелестік деуге келмейді. Өзара байланысты өндірістік бағдарламалар бәсекелес болмайды, керісінше, бірін-бірі толықтырады. Осы газ директиваларына негіз болған бәсекелестік идеясы мұнда іске аспайды. "Солтүстік ағын-2" жобасы украин газ таратушы жүйесімен бәсекелес бола алады. Бұл оңай. Алайда директиваларда басқа идея қарастырылған: олар технологиялық процестің әр кезеңін жеке-дара етуді көздейді. Бұл тиімділікті арттыратын бәсекелестікке алып келеді деп болжайды. Бұл – ертегі. Ондай болуы мүмкін емес", - деп түйіндеді Журавлев.

Жаңалықтар
0