Қоғам

Қазақстан Конституция күнін атап өтіп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының Конституциясы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2021
Жазылу
Пандемияға байланысты елде бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Бүгін, 30 тамыз – Қазақстанда Конституция күні. Биыл Ата заңға 26 жыл толып отыр.

Қазақстанда Конституция екі рет қабылданды. Алғаш 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған құжатта Қазақстан парламенттік республика атанды. Алайда 1993 жылғы Конституция ескі әкімшіл-әміршіл ережелерге сүйенгендіктен, жаңа қоғам талабына сай келмеді. Сол себепті 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде жаңа Конституция қабылданды. Жаңа Конституция заң шығарушы, атқарушы және сот билігін белгілеп, олардың құзіреті мен өзара әрекет етуін заң тұрғысынан айқындады.

Қолданыстағы Ата заң 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Заман талаптарына сай Негізгі заң

"Биліктің бастауы – халық. Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз".

Бүгін 26 жыл толып отырған Ата заңымыз осындай сөздермен басталады.

Конституцияның 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" делінген.

Тағы оқыңыз: Митинг өткізгісі келетіндер жаңа заңға бағынуға міндетті – Тоқаев

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

1995 жылы қабылданған Конституцияға бірнеше рет өзгеріс енгізілді.

Мереке қалай тойланады

Әдетте, мейрам күні өңірлерде мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып, мереке жоғары деңгейде аталып өтеді. Алайда биыл коронавирус пандемиясына байланысты жаппай іс-шараларға тыйым салынған.

Осы жолы қазақстандықтар Ата заң күніне орай қатарынан үш күн – 28, 29, 30 тамыз демалады.

Жаңалықтар
0